Image
Жүктелуде
Артқа Сабыр Шарипов

1892

Мұнайды алғашқы геологиялық барлау және іздестіру шаралары 1892 жылы Ескене кен орнында жүргізілді

 

1893

Доссор, Қаратон, Мақат және Қарашүңгіл аймақтарында қарқынды барлау бұрғылау жұмыстары басталды

 

1899

Қарашүңгіл кен алаңында алғашқы мұнай бұрқағы атқылады. Сол кезден бастап қазақ мұнайының тарихы басталды

 

1908

Ескене кен алаңынан жеңіл мұнай бұрқағы алынды. Ал, Қазақстанның мұнайлы аудандары Доссор және Мақат ірі кен орындары ашылғаннан кейін әлем назарына іліге бастады

 

1911

Доссорда сапасы жағынан Бакуде өндірілетін мұнайдан асып түсетін ірі кен алаңы ашылды

 

1912

«Ембі» мұнай өндірісі және сауда АҚ  құрылды. Сол кезеңде лондондық биржа Қазақстанда мұнай өндіру кәсіпшілігін ынталандыруға бағытталған акцияларды саттыққа шығара бастады

 

1915

«Нобель» компаниясы тапқан Мақат кен орны алғашқы мұнайын берді

 

1920

Мұнайлы кен алаңдарды өнеркәсіптік игеру үшін Орал-Ембі аудандары мұнай кәсіпшілігінің басқармасы құрылды 

 

1922

Доссор және Мақат кен алаңдарын игеру үшін «Ембімұнай» тресі құрылды

 

1931

«Ембімұнай» тресі толығымен терең сорғылармен мұнай өндіруге көшті    

1941-1945

Ұлы Отан соғысы жылдарында Комсомол-Мақат, Қошқар-Сағыз мұнай желілері, Камыскөлде бу турбинасы және Гурьев мұнай өңдеу зауыты  салынды

 

1945

«Ембімұнай» тресі «Қазақстанмұнай» өндірістік бірлестігі болып қайта құрылды. Оның құрамына Қазақ ССР аумағындағы мұнай саласының барлық кәсіпорындары кірді

 

1950

Ембіде жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде Қарсақ және Терең-Өзек кен орындары ашылды 

1951

Батыс Қазақстан үшін Маңғышлақ түбегінің табиғи байлықтарын игеру жұмыстары басталды. Бұл жұмысты «Қазақстанмұнай»  өндірістік бірлестігінің жаңа басшысы Сафи Өтебаев қолға алды 

1956

Орал-Ембінің ғылыми-зерттеу базасының мүмкіндіктеріне сүйене отырып, Қазақ ССР Ғылымдар академиясы  Гурьев қаласында мұнай институтын құрды  

 

1979

Теңіз алып кен орны ашылды. Аталған кен орынның ашылуына тікелей атсалысқан ембілік мұнайшы-геологтарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы  тағайындалды

 

1993

Мұнай өндіру кәсіпорны «Ембімұнайгаз» АҚ болып құрылды

 

1999

«Ембімұнайгаз» және «Теңізмұнайгаз» ашық акционерлік қоғамдарының бірігуі нәтижесінде «Қазақойл-Ембі» АҚ құрылды 

2002

  «Қазақойл-Ембі» қайтадан «Ембімұнайгаз» компаниясы болып атала бастады

 

2004

«Ембімұнайгаз» бен «Өзенмұнайгаз» ААҚ-ның бірігуі нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрылды. Сол жылы «Ембімұнайгаз» - өндірістік филиал (ӨФ) болып құрылды

 

2012

Сегіз жыл ӨФ болған «Ембімұнайгаз» 2012 жылдың 1-қазанынан бастап акционерлік қоғам атауын қайтадан иеленді

 

2013

Атырау облысының үш ауданы елді мекендерін табиғи газбен қамтып отырған С.Балғымбаев («Жайықмұнайгаз» МГӨБ ) және Шығыс Мақат («Доссормұнайгаз» МГӨБ) кен алаңдарында кешенді тазалау қондырғыларды іске қосылды

 

2014

- 2014-2016 жылдарға арналған Ұжымдық шарт бекітіліп, мұнайшыларға арналған әлеуметтік жеңілдіктер кеңейтілді  

- «Ембімұнайгаз» АҚ Ұжымдық шарты «Парыз» сыйлығын иеленді

- Компанияның басқару аппараты сегіз қабатты заманауи  ғимаратқа көшті 

 

2015

- «Ембімұнайгаз» АҚ-да мұнай-газ саласына қазақстандық мамандарды даярлау мақсатында «Дуалды оқыту» бағдарламасы  жобасы іске қосылды

-  Компанияның интерактивті мұражайы ашылды 

 

2016

Ембіде шығындарды оңтайландыру және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Уаз кен алаңында пилоттық негізде Интеллектуалды кен алаңы концепциясы және Материалдық-техникалық қамту барысын оңтайландыру жобасы іске қосылды

 

2017

-  Жылыой ауданының аумағында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ) орналасқан Ембінің ең ірі кеніші – Прорва кен  Ілеспе газды дайындау қондырғысы іске қосылды

- ІХ бүкілресейлік байқауында «Ембімұнайгаз» АҚ «Интеллектуалды кен алаңы» жобасы «Сандық кен орны» номинациясы бойынша үздік деп танылды 

 

2018

«Ембімұнайгаз» АҚ-да «Мұнай өндіру үдерісіндегі цифрландыру» халықаралық Форумы өтті 

2019

Елімізде Қазақстан мұнайының 120 жылдығы кең көлемде аталып өтті. «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілігімен Атырау мұнай және газ университеті базасында Сафи Отебаевқа арналған ескерткіш ашылды.  

2020

- «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Батыс Қарасор кен орнын пайдалануға беру жұмыстары басталды

- С.Нұржанов кен орнында 3252-3265 м тереңдіктегі триас қабатында жаңа өнімді горизонт анықталып,  сусыз мұнай бұрқағы алынды  

- «Жайықмұнайгаз»  МГӨБ Гран кен орнында «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы бойынша ең ұзын горизонталды ұңғыма бұрғыланды (941 метр) 

2021

«Ембімұнайгаз» АҚ-да  «Интеллектуалдық кен алаңы» жобасы аясында өндірісте жедел әрекет ету орталықтары іске қосылды 

2022

«Ембімұнайгаз» АҚ-да  2022-2026 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шарт бекітілді