Image
Жүктелуде
image

Ұзақбай Қарабалин

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын (1970), сол институттың аспирантурасын (1973) бітірген.

Халықаралық Инженерлік академияның академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің құрметті докторы. 

Еңбек қызметі: 

  • 1973-1974 жылдары – "Қазмұнайгазбарлау" басқармасының Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясын бұрғылау жөніндегі инженер-технологы; 
  • 1974-1988 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институтында бұрғылау, жуу сұйықтықтары технологиясы зертханасының меңгерушісі, Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық-барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары; 
  • 1988-1990 жылдары – "Прикаспийгеология" бас аумақтық басқармасының техникалық прогресті дамыту және терең бұрғылау басқармасының бастығы. 1990 ж. - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі; 
  • 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті мен ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратының өнеркәсіп бөлімінің аға референті; 
  • 1992-1994 жылдары - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының бастығы; 
  • 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары; 
  • 1995-1997 ж.ж. - "Agip" мұнай компаниясының тағылымгері (Италия); 
  • 1997-2000 жылдары – "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті, перспективалық даму жөніндегі директоры, перспективалық даму жөніндегі вице-президенті, бірінші вице-президенті; 
  • 1999 ж. – "Қазақойл" ұлттық мұнай – газ компаниясы" ЖАҚ президентінің міндетін атқарушы; 
  • 2000-2001 ж. - "ҚазТрансГаз" ЖАҚ президенті; 
  • 2001-2003 ж. – Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице – министрі; 
  • 2003-2008 ж. - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық Компаниясы" АҚ президенті; 
  • 2008-2009 ж. - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры; 
  • 2010-2013 ж. "Қазақстан Мұнай және газ институты" АҚ Бас директоры; 
  • 2013-2014 Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі; 
  • 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары.

КСРО жер қойнауын барлау ісінің үздігі (1988).

Қазақстан Республикасының жер қойнауының құрметті барлаушысы (2003).

Қашаған кен орнын алғаш ашушы.

"Жыл тұлғасы"," Алтын Прометей " сыйлығының иегері (2008).

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болды (2011).

"Отан", III дәрежелі "Барыс", "Құрмет" ордендерімен, және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Атырау облысының Құрметті азаматы (2012).