Әбілғазы Махутов
Еңбек жолы:
- 1930-1935 жылдары - "Қызыл Ембі" колхозының балықшысы;
- 1937-1941 жылдары – Құлсары мұнай барлау экспедициясының жұмысшысы;
- 1941-1970 жылдары – Құлсары терең бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері.
Жоспарлы тапсырмаларды орындаудағы үздік жетістіктері, Жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1959 жылғы 23 сәуірдегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.