Image
Жүктелуде
image

Зинел Балгенжиев

Гурьев политехникалық техникумын бітірген (1979).

Еңбек жолы: 

  • 1948-1954 жылдары – Құлсары бұрғылау кеңсесінде бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы; 
  • 1956-1991 жылдары-"Қазмұнайгазбарлау" басқармасының Оңтүстік Ембі терең бұрғылау мұнай барлау экспедициясында бұрғылаушы.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1977 жылғы 12 мамырдағы Жарлығымен пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бойынша жоспарлы тапсырмалар мен қабылданған Социалистік міндеттемелерді орындаудағы үздік жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.