Болат Еламанов
1950 жылы туған.
Қазақ политехникалық институтын бітірген (1972).
Еңбек қызметі: 1972 - 1991жж. - «Ембімұнай» бірлестігінің «Прорванефть» Мұнай және газ өндіру цехының операторы, шебері, инженері, аға инженері, бастығы, бас инженері, мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы; 1991-1998жж. - «Мұнайгаз» ҚШХК президенті, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, Инвестициялар жөніндегі мемкомитет төрағасының орынбасары Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мұнай және газ департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің жер қойнауын пайдалану жөніндегі дирекциясының директоры.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994ж.).
Техника ғылымдарының кандидаты.
Теңіз кен орнын алғаш ашушы (1979ж.)