Бөлекбай Сағынғалиев
(1927-2009жж.)
И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген. (1951ж.)
Еңбек қызметі: 1944 ж.- «Қазмұнайбарлау» тресінің жұмыс жабдықтау бөлімінің ревизор - бақылаушысы; институтты бітіргеннен кейін, 1952 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінің шеберінің көмекшісі, мұнай өндіру шебері, газ цехының бастығы; 1953 ж. - Доссор кәсіпшілігінің аға инженері, ПТИ бастығы; 1954 ж. - Қошқар кәсіпшілігінің бас инженері; 1957 ж. - Мақат-Доссор МКБ бас инженері; 1958ж. - Қаратон МКБ бас инженері; Қазақстанмұнай бірлестігі өндіру бөлімінің бастығы; 1960ж. - ҚазКСР Халық шаруашылығы Кеңесі отын өнеркәсібі басқармасы Мұнай және газ өнеркәсібі бөлімінің бастығы; 1963-1969ж. - Қазақстан Компартиясы ОК ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1969ж. - «Казахстанмұнай» бірлестігі бастығының орынбасары; 1976-1986жж. - «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994 ж.), академик - инженерлік академияның кеңесшісі, ҚР минералды ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі
Еңбек Қызыл Ту орденімен (үш рет), Октябрь революциясы орденімен, медальдармен марапатталған.
Теңіз кен орнын алғаш ашушы (1979ж.).