Image
Жүктелуде
image

Жолдасқали Досмұхамбетов

 (1916-1977жж.)

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1940 ж).;

Мәскеу мұнай өнеркәсібі академиясы (1953ж.).

Тау-кен инженеры-геолог. 

Еңбек қызметі: 1940-1942жж. - Байшонас мұнай кәсіпшілігінің бас геологы; 1942-1943жж. - «Ембімұнай» комбинатының бас геологының орынбасары; 1943-1947жж. - Байшонас мұнай кәсіпшілігі басқармасының директоры; 1947-1950жж. - «Қазақстан мұнай барлау» тресінің басқарушысы; 1950-1951жж. - Мақат кәсіпшілігінің бас геологы; 1953-1954жж. -  Құлсары кәсіпшілігінің директоры; 1954-1971жж. - бас геолог, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы; 1971-1977жж. - «Ембімұнай» комбинатының бас геологы. 

Кен орындарын алғаш ашушы: Теңіз (1979 ж.), Шығыс Мақат (1991 ж.).

КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Құрметті мұнайшысы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. 

Халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты. 

Лениндік сыйлықтың лауреаты. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту (екі рет), «Құрмет белгісі» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.