Image
Жүктелуде
image

Құрманғазы Есқазиев

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай  факультетін тау-кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1985 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ - ның оператордан бас директорына дейінгі өндірістің барлық сатыларынан өткен «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде бастады; 

2006-2008 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Геология және әзірлеу департаменті директорының орынбасары, геология және әзірлеу департаментінің директоры; 

2008-2015 жж. - мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Геология және перспективалы жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директор (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор; 

2015 - 2018 жж. - «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы); 

2018 – 2020 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Геология және барлау жөніндегі орынбасары; 

2020 ж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы); 

2022 жылғы ақпаннан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары. 

Ғылыми дәрежесі 

2006 жылы Томск политехникалық университетінде «Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» мамандығы бойынша диссертация қорғады. 

2021 жылы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде «Геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесімен диссертация қорғады. 

Марапаттары мен құрметті атақтары

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Губкина атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Мұнай және газды іздеу және барлау» кафедрасының профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (РЖҒА).

«Құрмет» орденімен, «ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы» және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері» белгілерімен марапатталған. Атырау облысының құрметті азаматы.