Image
Жүктелуде
image

Махамбет Батырбаев

1943 жылы туған.

Гурьев мұнай техникумын бітірген; 

Бүкілодақтық сырттай политехникалық институты (1972ж.). Тау-кен инженері-геолог.

Еңбек қызметі: 1962-1963жж. - Маңғышлақ геофезиялық партиясының жұмысшысы; 1963-1966 ж. - әскер қатарында болды; 1966-1968 ж. - кәсіпшілік-геофизикалық партиясының инженері; 1968-1978 ж. - ҚазҒЗЖИмұнай институтының мұнай және газ кен орындарын жобалау және игеру жөніндегі зертханасының меңгерушісі; 1978 - 1991ж.ж. - бас геолог, «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының бастығы; 1991-1992 жж. - өндірістік - техникалық бөлімнің бастығы, «Маңғышлақмұнай» ӨБ бас инженерінің орынбасары; 1992-1994 жылдары - «Теңізмұнай» ӨБ бас директоры; 1994-1995 жылдары - «Мұнайгаз» МХК бірінші вице-президенті; 1995-2002 жылдары - «Ембімұнай» ӨБ Президенті.

Марапаттары мен атақтары 

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984ж.);

Академик Губкин атындағы Сыйлықтың лауреаты;

«Құрмет белгісі» ордені;

«Құрмет» ордені;

«Астана» медалі;

 Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері.

Техника ғылымдарының кандидаты.

Атырау қаласының, Атырау облысының Жылыой және Қызылқоға аудандарының Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы.