Орынғазы Есқазиев
1934 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957).
Еңбек жолын 1957 жылы "Қошқар" мұнай кәсіпшілігі басқармасында мұнай өндіру операторы болып бастады; 1961-1997жж. – қыртыс қысымын сақтау жөніндегі оператор, ұңғымаларды зерттеу шебері, "Қошқар" МКБ пайдалану жөніндегі геолог, Комсомол мұнай кәсіпшілігінің аға геологы, бас геологтың орынбасары, "Прорванефть" МГӨБ бас геологы, "Ембімұнай" бірлестігінің геологиялық бөлімнің бастығы .
ҚР Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994).
ҚР Жер қойнауының құрметті барлаушысы.
Теңіз, Ботахан, Прорва, Ровное, Оңтүстік-Шығыс Қамыс кен орындарын алғаш ашушы.
"Парасат", "Құрмет" ордендерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Атырау облысының Құрметті азаматы.