Image
Жүктелуде
image

Таумуш Жұмағалиев

(1918-2010жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген.

Қазақ тау-кен металлургия институтын "инженер-геолог" мамандығы бойынша (1945ж.)

Еңбек жолы: 1938-1945 жж. - Доссор және Ескене мұнай кәсіпшіліктерінде геолог. Студент кезінде ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтында аға коллектор, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1945-1947жж. - Искене МКБ бас геологы. 1968-1972 жылдары-ҚазКСР Геология министрлігі Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының бастығы. 1972-1985жж. - кіші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми хатшы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, ҚазМҒЗИ институтының директоры.  2004 жылдан бастап "Мұнайшы" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Халықтар Достығы, "Құрмет" (1999ж.) ордендерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1955)

ҚазКСР еңбек сіңірген геологиялық барлаушысы (1967ж.)

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976ж.)

Тепловско-Токаревское кен орнын алғаш ашушы.