Image
Жүктелуде
image description

Ұлықпан Әбдірахманов

1922 жылы туған. 

Еңбек жолы: 1948 жылдан – Байшонас кәсіпшілігінде мұнай дебитін өлшеуші, 1951 жылдан - Гурьев облысы Ембі ауданы Құлсары кәсіпшілігінде мұнай өндіру жөніндегі аға оператор.

Бес жылдық жоспардың тапсырмаларын орындаудағы үздік жетістіктері, Жоғары техникалық - экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. 

image description

Махиет Әбдіғалиев

1925 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1941 жылдан 1981 жылға дейін Мақатта мұнай өндіру басқармасында оператордың көмекшісі, мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасының шебері болып жұмыс істеді.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы. КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

image description

Валентин Яковлевич Авров

(1905-1979 жж.)

Еңбек қызметі:

  • 1929-1930 жж. – «Средазнефть» тресінің геологы;
  • 1930-1936 жж. - геолог, аға геолог, «Геолиогазбарлау» геологиялық секторының меңгерушісі;
  • 1936-1937 жж. - "Востокнефть" тресінің геологиялық-іздестіру конторының бас инженері;
  • 1937-1939 жж. – «Ембімұнай» тресінің Мақат мұнай кәсіпшілігі басқармасының бас инженері, бас геологы;
  • 1939 – 1941 жж. Бүкілодақтық мұнай институтының ғылыми қызметкері;
  • 1941-1944 жж. – «Қазақстанмұнай» бірлестігінің ОҒЗЗ кәсіпшілік бөлімінің ғылыми жетекшісі;
  • 1944-1948 жж. - Краснодар экспедициясының кәсіпшілік тобының жетекшісі, бас геолог - Ленинградтық бұрғылау кеңсесі басқарушысының орынбасары;
  • 1948-1979 жж. - аға ғылыми қызметкер, ВНИГРИ аймақтық мұнай геологиясы және кәсіпшілік геологиясы бөлімінің бастығы.

Геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Теңіз кен орнын алғаш ашушы, 1979 ж. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

image description

Зияитдин Айдыналиев

(1916-1977 жж.)

Еңбек қызметі:

  • 1946-1948 жж. - Байшонас к/о цех бастығы, техник, аға инженер;
  • 1948-1959жж. - Ескене, Мақат, Қаратон, Қошқар,Сағыз мұнай кәсіпшіліктерінің директоры;
  • 1959-1963 жж. - Гурьев облыстық Мұнай және химия өнеркәсібі кәсіподақтары комитетінің төрағасы, "Ембімұнай" бірлестігінің жол-құрылыс бөлімінің бастығы. Байшонас мұнай кәсіпшілігі директорының орынбасары, БУРБ директорының орынбасары, Нормативтік-зерттеу стансасының бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

 Ұлы Отан соғысына қатысушы.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы.

«Қызыл жұлдыз» және "Құрмет Белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған.  

image description

Нариман Айтжанов

(1928-2002 жж.)

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1952).

Еңбек қызметі: 

  • 1952-1959 жж. - мұнай өндіру операторы, учаске шебері, инженер, цех бастығы, бас инженер; 
  • 1959-1962 жж. - Байшонас к/о өндірістік техника бөлімінің бастығы; 
  • 1969-1990 жж. - ҚазССР Компартиясы ОК нұсқаушысы, ҚазССР халықтық бақылау комитеті бөлімі бастығының орынбасары. 

“Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Тасқали Ақжігітов

(1904-1971 жж.)

  • 1919-1931 жж. - механикалық шеберхананың жұмысшысы; 
  • 1931-1959 жж. - Доссор к/о бұрғылау цехының слесарь - механигі; 
  • 1931-1959 жж. - Комсомол к/о мұнай өндіру цехының аға механигі.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

image description

Бағыт Ақжігітов

(1905-1992 жж.)

  • 1925-1960 жж. - мұнай өндіру жөніндегі оператордың жұмысшысы, көмекшісі, оператор, аға оператор.

Ленин орденімен, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.   

image description

Камила Алманьязова

1924 жылы туған. 

"Жылыоймұнайгаз" МГӨБ.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. 

image description

Қарылға Самайқызы Алтыналиева

Еңбек қызметі: "Доссормұнайгаз" МГӨБ Қарсақ кен орнының №1 бригадасының қабат қысымын ұстау бойынша шебері.

"Еңбек даңқы" орденімен (2016 ж.), Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

"Доссор кен орнына 100 жыл" естелік белгісі. 

image description

Айдар Алтаев

(1900-1976 жж.) 

Еңбек қызметі: 1919-1956 жж. - "Казақстанмұнай" бірлестігі Мақат к/о ҰЖЖ бригадасының операторы, аға операторы, шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

  

image description

Жауылбай Алдахов

(1890-1955 жж.) 

  • 1911-1912жж.- Доссор к/о бұрғылаушының жұмысшысы, көмекшісі; 
  • 1912-1955жж. - Доссор, Мақат, Бекбике, Комсомол, Қосшағыл, Құлсары м/к бұрғылаушы, бұрғылау шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

 

image description

Бекім Алдамжарова

1924 жылы туған.

Еңбек қызметі:

  • 1941 ж. - Доссор к/о жөндеу шеберханасында жұмыс істеді.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Балықбай Аманбаев

(1902-1984 жж.)

  • 1926 ж. - слесарь, Ескене кәсіпшілігі; 
  • 1938 ж.-Байшонас кәсіпшілігіне монтаждау бригадасының слесарь-бригадирі болып ауыстырылды; 
  • 1941 - 1948 ж. «Ембімұнай» тресінің Сағыз кәсіпшілігінде 7-разрядты слесарь-механик, Қазмұнайкомбинат; 
  • 1956 ж. - Сағыз кәсіпшілігіне 7-разрядты мұнай айдау операторы болып ауыстырылды; 
  • 1956 ж. - Атырау облысының қоғамдық-саяси газеті деэмульсациялық мұнай қондырғысының 8-разрядты машинисі болып ауыстырылды.

Ленин орденімен марапатталған. 

image description

Ермаш Аманбердиев

(1901-1971 жж.) 

  • 1917-1927 жылдары - Мақат бұрғылау кеңсесінде конюх, жұмысшы, бұрғылаушының көмекшісі; 
  • 1927-1961 жылдары - мұнай өндіру жөніндегі бөлім операторы, аға оператор, шебер, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Федор Анисимов

(1897-1967 жж.) 

Мәскеу тау-кен академиясын бітірген.

  • 1914-1918 жж.- Гурьев уезінің қосалқы кәсіпорындарының қызметкері; 
  • 1918-1919 жж.- Орал қаласындағы Николаев полкінің әскери қызметшісі; 
  • 1920-1939 жж.-Орал-Ембі ауданының мұнай өнеркәсібі кәсіпорны бухгалтерінің көмекшісі; мұнай қызметкерлерінің кооперациясы басқармасының есепшісі; Доссор кәсіпшілігінде техник – барлаушы, жоспарлау бөлімінде техник - нормалаушы, экономист, "Ембімұнай" тресінің Доссор бұрғылауды жоспарлау бөлімінің бастығы; 
  • 1939-1959 жж. - "Казақстанмұнайбарлау" бірлестігінің жоспарлау бөлімінің бастығы.
  • Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Мұрат Аңшыбаев

(1936-2002 жж.) 

«Доссормұнай» МГӨБ Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы. КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Компартия ОК мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1978 жылғы 15 желтоқсандағы № 459 Қаулысы. Ордендерімен, «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісімен» марапатталған.

image description

Жексенғали Асқаров

(1903-1958 жж.)

  • 1920-1924 жж.- ағаш ұстасы, Доссор к/о ұстасы;
  • 1924-1928 жж.- партком ұйымдастырушы;
  • 1928-1939 жж.-Ескене м/к электр стансасының слесарь-электригі, халық депутаттары кенттік Кеңесінің төрағасы;
  • 1969 ж. - Доссор к/о механикалық шеберханасының ұстасы.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған.


image description

Аманғали Аустниязов

(1902-1968 жж.) 

  • 1917-1935 жж.- от жағушы, машинист, слесарь; 
  • 1935-1955 жж. - автогараж слесарі, кәсіпшілік комитетінің төрағасы, автогараж слесарі, Қосшағыл к/о бұрғылау бөлімінің механигі.

Қосшағыл кенттік кеңесінің депутаты. 

Ленин орденімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 

image description

Аққали Аустниязов

(1895-1957 жж.) 

  • 1911 ж. - курьер, Доссор к/о слесарі;
  • 1920-1923 жж.- балықшы (Астрахань қ.); 
  • 1923-1956 жж. - Доссор, Мақат, Сағыз, Байшонас, Тентексор, Қосшағыл к/о мұнай өндіру жөніндегі слесарь, механик, оператор.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Хансұлтан Аухатов

(1903-1984 жж.) 

Кәсіподақ мектебін бітірген (Баку қ.)

Еңбек қызметі:

  • 1921-1934 жж. - «Зерно» артелінде жұмысшы, «Ембімұнай» тресінде бұрғылаушы; директордың орынбасары, Мақат кәсіподақ комитетінің төрағасы, төраға; 
  • 1942-1947 жж.- Сағыз мұнай өнеркәсібі кәсіподақ комитетінің төрағасы, Сағыз және Қосшағыл мұнай кәсіпшіліктерінде ӨҚБ бастығы; 
  • 1947-1955 жж.- Доссор мұнай кәсіпшілігінің директоры; 
  • 1955-1958 жылдары-Сағыз және Доссор мұнай кәсіпшілігі директорының орынбасары.

Ленин орденімен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.  

image description

Хансұлтан Аязбаев

Еңбек қызметі: Доссор, Байшонас, Қосшағыл, Құлсары, Мұнайлы м/к бұрғылаушы болып жұмыс істеді.

image description

Жұма Байболов

1926 жылы туған.

1942-1962 жж. - мұнай өндіру операторы, ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасының аға операторы, шебер.

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979).

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» белгісімен марапатталған. 

image description

Сағидолла Баймағамбетов

1940 жылы туған.

  • 1958-1960 жж. - «Доссормұнай» МГӨБ Қарсақ, Байшонас мұнай кәсіпшілігі ұңғымаларын жерасты жөндеу бойынша оператордың көмекшісі, оператор
  • 1960-1997 жж. - «Доссормұнай» МГӨБ операторы, аға операторы.

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982 ж.)

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбекте ерекшеленгені үшін» медалімен марапатталған. 

image description

Қойшығара Балғымбаев

(1915- 1983 жж.)  

Ұлы Отан соғысының ардагері.

  • 1937 жылға дейін «Теңдік» балық аулау артелінде балықшы, 
  • 1937-1940 жж. - оператор, Ескене м/к мұнай өндіру шеберінің көмекшісі, Байшонас. 
  • 1940 жылы әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысынан 1945 жылы мүгедек болып оралды.

I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Өтеп Балғымбаев

(1917-1966 жж.) 

Гурьев мұнай техникумын (1938 ж.), ҚазКСР КП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1952 ж.) бітірген.

  • 1945-1952 жж.- Мақат парткомитетінің нұсқаушысы, II хатшысы; 
  • 1952 - 1959 жж. - Жылыой парткомитетінің бірінші хатшысы, Гурьев облыстық парткомитетінің бөлім меңгерушісі; 
  • 1963 ж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігі бастығының орынбасары. Өзен, Жетібай кен орындарын игеруге қатысқан.

Фин және Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

«Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.