Еңбек қызметі: 1946 - 1948 жж. - Чернореченск барлау экспедициясының бастығы; 1953-1956 жж.- Құлсары бұрғылау кеңсесінің Терең-өзек геологиялық партиясының бастығы; 1956-1962 жж. - техникалық бөлімнің бастығы, бас инженер, Қошқар МКБ бастығы; 1962-1963 жж. - Мақат аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы; 1963-1966 жж. - Прорва аудандық партия комитетінің директоры; 1966-1967 жж. - «Жетібаймұнай» МГӨБ бастығы, «Казақстанмұнай» бірлестігі бастығының орынбасары; 1967-1968 жж. - облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы; 1968 – 1970 жж. – «Өзенмұнай» МГӨБ бастығы; 1970 жылдан бастап - «Ембімұнай» бірлестігінің жобалау-сметалық бөлімінің бастығы, кеңсе директоры.
«Құрмет белгісі» орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақ КСРО еңбек сіңірген мұнайшысы (1972ж.)
КСРО Құрметті мұнайшысы.
(1906-1979жж.)
Гурьев мұнай техникумын бітірген.
Еңбек қызметі: 1922 ж. - «Ембімұнай» тресінің слесарі, автогараж механигі; бұрғылаушының көмекшісі, Мақат м/к бұрғылау учаскесінің бастығы; бұрғылау шебері, бұрғылау учаскесінің бастығы, Нармонданак, Сағыз к/о геологиялық барлау экспедициясының бастығы; «Қазақстанмұнайтбарлау» бірлестігінің еңбек және жалақы бөлімінің бастығы.
Ленин орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
(1928-1998 жж.)
Гурьев ФЗО мектебін бітірген.
Еңбек қызметі: 1943-1944 жж. - Доссор, Құлсары м/к газ цехының слесарі; 1944-1983 жж. - ҰЖЖ операторы, «Казақстанмұнай» бірлестігінің Доссор м/к мұнай өндіру жөніндегі аға операторы.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы.
(1897-1973 жж.)
Еңбек қызметі: «Қазақстанмұнай» бірлестігінің жұмысшысы, бұрғылаушының көмекшісі, оператордың көмекшісі, Доссор м/г операторы, Мақат.
Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
(1898-1962 жж.)
Еңбек қызметі: 1914-1938 жж. - Доссор, Мақат м/к ҰЖЖ жұмысшысы, оператордың көмекшісі, операторы; 1938-1956 жж. - мұнай және газ өндіру операторы, «Казақстанмұнай» бірлестігінің Құлсары м/к шебері.
Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
1915 жылы туған.
Ұлы Отан соғысының ардагері.
Еңбек қызметі: 1935-1973 жж. - Доссор м/к оператордың көмекшісі, оператор, Сағыз м/к өнеркәсіп комитетінің төрағасы, Комсомол, Қошқар, Сағыз к/о мұнай өндіру жөніндегі оператор.
Ленин орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
1918 жылы туған.
ФЗО мектебін бітірген.
Фин және Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
«Қызыл жұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы», Ленин, «Еңбек Қызыл Ту»
ордендерімен марапатталған.
(1935-1999 жж.)
Бүкілодақтық политехникалық институтын бітірген
Еңбек қызметі: 1953-1955 жж. - Ескене мұнай кәсіпшілігі басқармасының электр монтері; 1969-1976 жж. - Ескене, Байшонас мұнай кәсіпшіліктерінің меңгерушісі. 1976-1996 жылдары - «Доссормұнай» МГӨБ бастығының орынбасары, бас инженері, бастығы.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
(1902-1965 жж.)
Еңбек қызметі: 1922-1941 жж. - Ескене МКБ бұрғышысының көмекшісі, бұрғышы; 1941-1943 жж.- Сағыз МКБ бұрғылау цехының бұрғылау шебері; 1943-1952 жж. - Жолдыбай және Байшонас МКБ бұрғылау шебері; 1952-1957 жж. - Ескене МКБ бұрғылау шебері.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
(1900-1954жж.)
Еңбек қызметі: 1920-1954 ж.ж. - «Қазақстанмұнайбарлау» тресінің жұмысшысы, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылау шебері, топографиялық партияның бастығы, Қаратайқыз, Тәжіғали, Қаратон, Көшкімбет, Жолдыбай, Солтүстік Қошқар мұнай барлау бөлімшелеріндегі мұнай кәсіпшілігінің бастығы.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
(1913-1993 жж.)
Еңбек қызметі: 1936-1968 жж. - ағаш ұстасы, жөндеуші, механиктің көмекшісі, Комсомол м/к машинисі.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
(1900-1972 жж.)
Еңбек қызметі: 1920-1962 жж. - «Казақстанмұнай» бірлестігінің Байшонас МКБ мұнай өндіру бойынша жұмысшысы, оператордың көмекшісі, оператор, аға оператор, шебер.
Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
(1898-1985 жж.)
Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
(1904-1968 жж.)
Еңбек қызметі:
Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
(1925-1996жж.)
Еңбек қызметі:
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
(1930-1984 жж.)
Еңбек қызметі: 1949-1968 жж. - Доссор МКБ оператордың оқушысы, мұнай өндіру операторы; 1968-1977 жж. - Мартыши учаскесінің мұнай өндіру операторы; 1977-1984 жж. - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап және Гран учаскелерінде мұнай өндіру операторы.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған.
1920 жылы туған.
Жоғары партия мектебін бітірген (Алматы, Мәскеу) (1936 ж.)
Еңбек қызметі: Еңбек қызметін Сталинград (қазіргі Волгоград) облысында ауылдық клуб меңгерушісі болып бастады; 1937 ж. - Теңіз аудандық және Гурьев облыстық комсомол комитеттерінің жауапты қызметкері, Теңіз аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық «Красный Каспий» газетінің редакторы; 1949 ж.- Мақат және Жылыой аудандық партия комитеттерінің хатшысы; 1953 ж. - Мақат аудандық «Нефтяник» газетінің редакторы, Мақат және Балықшы ауылдық атқару комитетінің төрағасы; 1973 ж. - Балықшы атқару комитетінің хатшысы.
«Құрмет белгісі» орденімен (екі рет), медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
1895 жылы туған.
Еңбек қызметі: 1912-1915 жж. - Доссор м/к қызметкері; 1921-1937 жж. - Мақат м/к бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері; 1937-1940 жж. - «Казақстанмұнай» комбинатының бұрғылау бөлімінің меңгерушісі; 1940-1941 жж. - Жолдыбай м/к барлау жұмыстарының бастығы; 1941 ж.- «Казақстанмұнай» комбинатының бұрғылау бөлімінің меңгерушісі, техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
1916 жылы туған.
Еңбек қызметі: 1931 ж. - «Ембімұнай» тресінің механикалық зауытында нарядтарды ресімдеуші; 1943 ж. - партиялық жұмыста болды; 1947 - 1957жж. - Мақат аудандық атқару комитетінің төрағасы.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
1928 жылы туған.
Еңбек қызметі: 1945 ж. - Мақат м/к оператордың көмекшісі.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.
1938 жылы туған.
Мәскеу мұнай институтын бітірген.
Еңбек қызметі: 1963-1984 жж. - су басу цехының операторы, шебері, цех бастығы, техникалық бөлім бастығы, кәсіпшілік меңгерушісі, өндірістік –техникалық бөлім бастығы, ЦИТС бастығы, бас инженер, «Прорвамұнай» МГӨБ бастығы; 1984-1994 жж. - «Қаражанбасмұнай» МГӨБ - да жұмыс; 1994 ж. - «Теңізмұнайгаз» АҚ Қаратон мұнай кәсіпшілігінің бастығы.
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы.
(1900-1963жж.)
Еңбек қызметі: 1922-1955жж. - Қошқар, Сағыз, Доссор МКБ бұрғылау цехының моторисі, машинисі, механигі, аға механигі; Сағыз және Қосшағыл МКБ бас механигі.
Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.
(1927-2009 жж.)
И. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген. (1951 ж.)
Еңбек қызметі: 1944 ж. - «Қазмұнайбарлау» тресінің жұмыс жабдықтау бөлімінің ревизор - бақылаушысы; институтты бітіргеннен кейін, 1952 жылы Доссор мұнай кәсіпшілігінің шеберінің көмекшісі, мұнай өндіру шебері, газ цехының бастығы; 1953 ж. - Доссор кәсіпшілігінің аға инженері, ПТИ бастығы; 1954 ж. - Қошқар кәсіпшілігінің бас инженері; 1957 ж. - Мақат-Доссор МКБ бас инженері; 1958 ж. - Қаратон МКБ бас инженері; «Казақстанмұнай» бірлестігі өндіру бөлімінің бастығы; 1960 ж. - ҚазКСР Халық шаруашылығы кеңесі отын өнеркәсібі басқармасы Мұнай және газ өнеркәсібі бөлімінің бастығы; 1963-1969 ж. - Қазақстан Компартиясы ОК ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 1969 ж. - «Казақстанмұнай» бірлестігі бастығының орынбасары; 1976-1986 жж. - «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994 ж.)
Академик-инженерлік академияның кеңесшісі, ҚР Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі
«Еңбек Қызыл Ту» (үш мәрте), Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Теңіз кен орнын алғаш ашушы (1979 ж.).
(1904-1991 жж.)
Өнеркәсіптік академиясын бітірген (Баку қ.)
Еңбек қызметі: 1922-1924 жж. - «Ембімұнай» тресінің жұмысшысы, жүк тиеушісі; 1924-1965 жж. - «Ембімұнай» тресінің бұрғылау бөлімінің меңгерушісі; Мақат, Ескене, Қосшағыл мұнай кәсіпшіліктерінің директоры, «Қазақстанмұнайгазбарлау» тресінің «Ақтөбемұнайгазбарлау» меңгерушісі, Батыс Қазақстан геология басқармасының бастығы, экспедиция бастығы.
ҚазКСР еңбек сіңірген геологиялық барлаушысы.
Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
(1915-1994 жж.)
ҚазМУ-ды бітірген (1963).
Еңбек қызметі: 1931 ж. - бухгалтер, статист, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер; 1949 - 1984 жж. - Орск мұнай өңдеу зауытының бас бухгалтері, «Казақстанмұнай» бірлестігінің бас бухгалтері, Батыс Қазақстан Халық шаруашылығы кеңесінің қаржы бөлімінің бастығы, «Ембімұнай» бірлестігінің бас директорының орынбасары.
ҚазКСР еңбек сіңірген экономисі (1968 ж.)
КСРО Құрметті мұнайшысы (1975 ж.)
КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі
«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
Доссор кентінің көшелерінің біріне Ғ.Сағытжановтың есімі берілген.
Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.