Image
Жүктелуде
image description

Ақтан Садыбаев

(1900-1971 жж.)

Еңбек қызметі: 

  • 1912-1916 жж. - жалдамалы жұмысшы; 
  • 1916-1948 жж. - Мақат, Доссор, Сағыз кен орындарында машинист, оператор көмекшісі, шебер көмекшісі, ҰЖЖ бригадасының шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Өтеғұл Сарғұнанов

(1900-1978 жж.) 

Еңбек қызметі: 1925-1956 жж. - мұнай өндіру жөніндегі жұмысшы, оператордың көмекшісі, оператор, аға оператор.

Ленин орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  

image description

Дәулетияр Сартов

1902 жылы туған. 

Еңбек қызметі: Доссор кен орнында жұмысшы, бақылаушы, майлаушы; 1932 ж. - аға майлаушы, слесарь, шебердің оқушысы, Қосшағыл  цехының шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Қуан Сатаев

(1898-1978 жж.)

  • 1923 ж. - Доссор м/к жұмысшысы, оператордың көмекшісі, оператор; 
  • 1928 - 1968 жж. - оператор, аға оператор, Байшонас м/к мұнай өндіру шебері.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  

image description

Нұрлан Сәтпаев

III дәрежелі «Еңбек Даңқы»   орденімен марапатталған.

image description

Сафа Сейілханов

(1925-1975 жж.)

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

  • 1943 ж. - Доссор м/к операторының көмекшісі; 
  • 1948 ж. - Доссор және Жайық мұнай басқармаларының мұнай өндіру операторы.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Қалау Сейітқазиев

«Еңбек Қызыл Ту»  және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 

image description

Әбдірахман Секербаев

(1905-1958 жж.)

Баку техникалық училищесін бітірген (1951).

  • 1925 ж. - бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы, Мақат м/к бұрғылау шебері; 
  • 1948 ж. – «Қазмұнайгазбарлау» трестінің Құлсары барлау-бұрғылау конторасында бұрғылау шебері, Тақырбұлақ, Төңірекшіқазақ мұнай барлау бөлімшелерінің бастығы.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған.

image description

Жібек Сегізалиева

1925 жылы туған.

Еңбек қызметі: оператордың көмекшісі, «Доссормұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы.

КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту»  ордендерімен марапатталған.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1971 ж.) 

image description

Рысқали Серікбаев

(1904-1975 жж.)

Еңбек қызметі: Доссор және Қошқар мұнай кәсіпшіліктерінде 30 жылдан астам еңбек етті. Тракторшы, автогараж механигі болып жұмыс істеді.

«Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін» медалімен (1947 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1951 ж.) марапатталған. 

image description

Мария Сибағатова

(1941-1994 жж.)

Еңбек қызметі: 1960 ж. - Сағыз байланыс бөлімшесінің телефоншысы; 1962 ж. - Сағыз, Мақат м/к операторы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен (1974 ж.), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1986 ж.) марапатталған. 

image description

Досқали Сисенов

(1894-1966 жж.)

Еңбек қызметі: 

  • 1914-1931 жж. - Ракуша зауытының ұстасы, бұрғылаушы; 
  • 1931-1954 жж. - Қосшағыл м/к ұстасы.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Әбу Сонабаев

(1905-1962 жж.)

Еңбек қызметі: «Казақстанмұнай» бірлестігінің Мақат МГӨБ ҰЖЖ бригадасының жұмысшысы, операторы, бригадирі, шеберінің көмекшісі, шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Хаби Сонабаев

(1908-1975жж.)

Еңбек қызметі: 1930-1963жж. - «Қазақстанмұнай»бірлестігінің Мақат МГӨБ ҰЖЖ бригадасының жұмысшысы, шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Надежда Викторовна Столыпына

1948 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1966-1999 жж. - «Доссормұнай» МГӨБ оператордың көмекшісі, оператор, аға оператор.

«Халықтар достығы»  және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

image description

Әбіш Сүлейменұлы Сүлейменов

(1897-1976 жж.)

Еңбек қызметі: 1920-1930 жж. - бұрғылау жұмысшысы, бұрғылаушы, шебердің көмекшісі, Мақат а/о шебері; 1931 ж. - аудандық атқару комитетінің төрағасы (Доссор кәсіпшілігі); 1931-1932 жж. - «Ембімұнай» тресі КБА басқарушысының орынбасары; 1932-1934 жж. - мұнайшылар кәсіподағы округтік комитетінің төрағасы; 1934-1935 ж.-Байшонас мұнай кәсіпшілігінің директоры; 1935 - 1938 жж. - Баку қ. өнеркәсіп академиясының студенті; 1938 - 1941 жж. - Байшонас мұнай кәсіпшілігінің директоры; 1941 ж. - Сағыз м/к бұрғылау бөлімінің бастығы; 1941-1948 жж. - кәсіпшілік өндіру бөлімінің аға инженері, өндіру бөлімінің бастығы, бас механик, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер. Мақат м/к барлау бөлімінің бастығы; 1945 ж. - Жолдыбай барлау бөлімінің бастығы; 1946-1948 ж.ж. - Мақат м/к қауіпсіздік техникасы инженері; 1948-1952 ж.ж. - «Қазмұнайбарлау» тресі басқарушысының орынбасары; 1952-1956 ж.ж. - Терең-Өзек барлау бастығы; 1956-1957 ж.ж. - Новобогат барлау бастығы.

«Еңбек Қызыл Ту» (екі рет), «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Қалия Сүйінішқалиева

(1948-2012 жж.)

Еңбек қызметі: 

  • 1968-1983 жж. - Мартыши мұнай кәсіпшілігінде ұңғымаларды зерттеу бойынша оператордың көмекшісі, оператор; 
  • 1983-1991 жж. - «Ембімұнайгаз» АҚ тампонаждық кеңсесінің кадрлар жөніндегі инспекторы; 
  • 1998-2007 жж. - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ канцеляриясының меңгерушісі.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен марапатталған.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1971-1975 жж.) 

image description

Ғазиз Тазиев

(1886-1958жж.)

Еңбек қызметі: 1914-1916жж. - Доссор м/к жұмысшысы; 1917–1952жж. - Гурьев механикалық шеберханасының слесарь-жөндеушісі; Мақат, Доссор м/к слесарі, машинисі; Ескене МКБ механигі, аға механигі.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.  

image description

Бердіғали Танбаев

(1906-1971 жж.)

Еңбек қызметі: 35 жыл Мақат кен орнында жөндеуші, слесарь болып жұмыс істеді.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Жанша Таңқыбаев

(1925-1998 жж.)

Мәскеу мұнай институтын бітірген.

Еңбек қызметі: 1941-1944 жж. - Сағыз, Комсомол, Құлсары кен орындарында жұмыс істеді; 1957 ж. - Гурьев облысы халық шаруашылығы кеңесінің бөлім бастығының орынбасары, Экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы; Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылығы кеңесі төрағасының орынбасары; ҚазКСР мұнай өндіру өнеркәсібінің республикалық бірлестігі төрағасының орынбасары, ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары; 1970 ж. - материалдық-техникалық жабдықтау мемлекеттік комитетінің төрағасы.

«Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған (екі рет). 

image description

Есен Тасқынбайұлы Тасқынбаев

1932 жылы 10 наурызда дүниеге келген.

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі: 1954-1959 ж. - Құлсары бұрғылау кеңсесінің бұрғылау жабдықтарын жөндеу слесарі, мұнара құрастыру цехының прорабы, Құлсары кентінің бұрғылау кеңсесінің бас механигі; 1959-1964 жж. - «Құлсарымұнай» бірлестігінің бас механигі; 1964-1965 жж.- Қазақстан партиясының Гурьев қалалық комитетінің II, I хатшысы; 1977-1987 - Гурьев облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1987 ж. - Гурьев агроөнеркәсіп комитеті төрағасының ғылым және оқу орындары жөніндегі орынбасары.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1979-1989 жж.), КОКП XXV және XXVII съездерінің делегаты, Қазақстан КП екі съезінің делегаты.

«Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь революциясы»«Халықтар достығы»,  «Құрмет» ордендерімен марапатталған (1999 ж.).

КСРО және Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы.

КСРО және Қазақ КСР мұнай өнеркәсібінің үздігі.

Атырау облысының, Атырау қаласының, Жылыой ауданының Құрметті азаматы. 

image description

Килыбай Тапалов

Еңбек қызметі: Байшонас мұнай  кәсіпшілігінің ағаш ұстасы.

Ленин орденімен марапатталған. 

image description

Алдоңғар Мұқанұлы Тасмағамбетов

1947 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1964 жылдан бастап Байшонас, Мартыши, Жаңаталап МКБ операторы.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2006 ж.)  

image description

Бағыт Тасмұханов

1936 жылы туған.  

Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 

Еңбек жолы: 1954-998 жж. - оператордың көмекшісі, мұнай өндіру жөніндегі оператор, комсомол комитетінің хатшысы, партком хатшысы, "Құлсарынефть" МГӨБ кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жылыой аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық мәслихаттың бас маманы. 

"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. 

image description

Бағыт Таспаев

(1898-1954 жж.)

Еңбек қызметі: 1921-1954 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Доссор м/к Тасқұдық учаскесінде мұнай өндіру жөніндегі оператордың көмекшісі, оператор, аға оператор, шебер.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған. 

Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.