Image
Жүктелуде
image description

Қазтуған Тастаев

(1895-1959 жж.)

Еңбек қызметі: 1919-1920 жж. - Доссор м/к мұнай өндіру операторы; 1920-1932 жж. - Ескене м/к операторы, аға операторы; 1932-1942 жж. - ағаш ұстасы, Байшонас м/к бұрғылау мұнараларының конструкторы; 1942-1946 жж. - Байшонас кенттік кеңесінің төрағасы; 1946-1956 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Байшонас және Құлсары м/к бұрғылау мұнараларын дайындау цехтарының ұйымдастырушысы, бригадирі.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Айтмұхамбет Тастанбеков

1928 жылы туған.

Еңбек қызметі: 1945-1963жж. - электр монтері, слесарь, Байшонас м/к бұрғылау цехының машинисі; 1963-1988жж. - бұрғылаушы, Прорва бұрғылау кеңсесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

image description

Ерқожа Тауманов

(1913-1970 жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген.

  • 1936 ж. - геологиялық барлау кеңсесінің техник - геологы, Төлеген барлау партиясының бастығы, бұрғылау технигі, Байшонас және Комсомол м/к бас геологы; 
  • 1945 ж. - «Қосшағылмұнай» тресінің директоры; 
  • 1957 ж. - Жылыой аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы; 
  • 1959 ж. - Мақат мұнай кәсіпшілігінің директоры.

«Құрмет белгісі» орденімен (екі рет), медальдармен марапатталған. 

image description

Қанапия Телішев

(1914-1968 жж.)

Еңбек қызметі: 1936 ж. - Ескене м/к ағаш ұстасы, бұрғышы,  бұрғылау шебері. Доссор, Төңірекші, Данғар, Солтүстік Қамыскөл, Жетібай, Тәжіғали, Қарамандыбас кен орындарының ашылуына қатысты.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.  

image description

Мәмбетәлі Темірбаев

(1904-1986 жж.)

Еңбек қызметі: 1928-1948 жылдары - Байшонас бұрғылау кеңсесінде бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы; 1948 жылы - Мұнайлы және Қосшағыл к/о Құлсары бұрғылау кеңсесінде бұрғылаушы.

Ленин орденімен (1952 ж.), «Ерен еңбегі үшін» (1946 ж.), «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1959 ж.) медальдарымен марапатталған. 

image description

Қоқаш Тернібаев

Еңбек қызметі: Қошқар ірілендірілген мұнай кәсіпшілігінің мұнай өндіру операторы.

Ленин орденімен марапатталған. 

image description

Демеу Тлегенов

(1912-1982 жж.) 

Еңбек қызметі: 1928-1967 жж. - слесарь көмекшісі, слесарь, бригадир. «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Байшонас және Ескене елді мекендерінде мұнай және газ өндіру операторы. 

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Кәрім Тілеуқұлов

Еңбек қызметі: Комсомол ірілендірілген мұнай кәсіпшілігінің күрделі жөндеу шебері.

Ленин орденімен марапатталған (1951 ж.) 

image description

Хәкім Тілеуқұлов

(1903-1981 жж.) 

Еңбек қызметі: 1917-1953 жж. - Доссор м/к бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы; оператор, аға оператор, КҰЖ бригадасының шебері Комсомол м/к; Комсомол МКБ және Байшонас кәсіподақ комитетінің төрағасы .

Ленин орденімен (1951), «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.  

image description

Қалу Тілеумағамбетова

1926 жылы туған.

Доссордағы ФЗО мектебін бітірген.

Еңбек қызметін Мақат кен орнында мұнай өндіру операторы, одан кейін қаттық қысымды ұстап тұру бригадасының операторы болып бастады.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы. 

image description

Қалман Төралиев

(1888-1970 жж.)

Еңбек қызметі: алғашқы мұнайшы-қазақтардың бірі.  Мақат м/к жұмыс жасады. 1942 ж. - Мақат ауылдық комитетінің төрағасы.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Тілепқали Топышбаев

(1900-1990 жж.)

Еңбек қызметі: 1920-1960 жж. - Доссор, Байшонас, Мақат, Ескене елді мекендерінде бұрғылау цехында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы.

«Құрмет белгісі» (1940 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» (1948 ж.), Ленин (1954 ж.) ордендерімен марапатталған. 

image description

Базарғали Түлекбаев

(1905-1973 жж.)

Еңбек қызметі: 1932-1960 жж. – «Казақстанмұнай» бірлестігінің Мақат м/к ҰЖЖ бригадасының шебері, шебердің көмекшісі.

Ленин орденімен (1951), медальдармен марапатталған. 

image description

Құрмет Төлеуішов

1948 жылы туған.

Еңбек қызметі: 1966-1972 жж. - Забурын совхозының шопаны; 1972-1973 жж. - Забурын совхозының комсомол комитетінің хатшысы; 1973-1976 жж. - Аққыстау ауылының клуб меңгерушісі; 1976-2011 жж. - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Жаңаталап кен өндіру операторы.

3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған (1986 ж.), ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 

image description

Константин Николаевич Тулин

(1903-1962жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген (1934).

Еңбек қызметі: 1919-1924жж. - Гурьев балық зауытының жұмысшысы; 1924-1929жж. - Доссор м/к  жұмысшысы, оператордың көмекшісі; 1934-1962жж. - «Қазақстанмұнай бірлестігінің геологиялық барлау және өндіру бөлімінің бастығы.

Ленин орденімен (1964ж.), медальдармен марапатталған. 

image description

Бисенбай Туриев

(1894-1957 жж.)

Еңбек қызметі: 1915-1924 жж. - Ракуша зауытында жалдамалы жұмысшы; 1924-1956 жж. - Доссор м/к мұнай өндіру бойынша оператордың көмекшісі, оператор, жетекші оператор.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Жұбан Туриев

(1899-1980 жж.)

Еңбек қызметі: 1917-1960 жж. - слесарь оқушысы, механикалық шеберхананың слесарі, Доссор м/к мұнай жабдықтарын жөндеу слесарі.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.  

image description

Айкүнше Түркпенбаева

Еңбек қызметі: Сағыз мұнай кәсіпшілігінің операторы болып жұмыс істеді.

Ленин орденімен марапатталған. 

image description

Идият Тухватуллин

(1925-1996 жж.) 

Еңбек қызметі: 1950-1952 жж. - Мақат МКБ бұрғылаушысының жұмысшысы, көмекшісі, бұрғылаушы; 1952-1971 жж. - Байшонас м/к бұрғылаушының көмекшісі, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінің бұрғылау шебері; 1971-1977 жж. - бұрғылау шебері, бұрғылау мұнараларын дайындау цехының бастығы, инженерлік-технологиялық ауысым бастығы «Ембімұнай» бірлестігінің  күрделі жұмыстар бойынша шебері; 1977-1988 жж. - ПУРБ ауысым бастығы.

Ленин (1966 ж.) және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

image description

Бимырза Тұралиев

(1898-1963 жж.)

Еңбек қызметі: 1916-1928 жж. - Доссор және Мақат м/к механикалық шеберханасының жұмысшысы; 1928-1947 жж. - ұста, шебер, Мақат және Байшонас м/к механикалық шеберханасының бастығы; 1947-1958жж. - құрылыс учаскесінің бастығы, Қошқар м/к механикалық шеберханасының бастығы.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Мардым Тутимов

(1929-1990 жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген 

Мәскеу мұнай институты (1965 ж.)

  • 1949-1970 жж. - мұнай өндіру жөніндегі оператор, ҚТ жөніндегі инженер, шебер, аға инженер, Қосшағыл Мұнай кәсіпшілігінің бас инженері; 
  • 1970-1979 жж. - « Мақатмұнай » МГӨБ бастығы; 
  • 1979-1989 жж. - «Ембімұнай» ӨБ «Доссормұнай» және «Жайықмұнай» МГӨБ бастығы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

image description

Шаймерден Идеятұлы Төлеңгітов

1952 жылы туған. 

ҚазПТИ-ді (1977 ж.) «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механизациясы»мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі: 1977-1990 ж.ж. - «Жайықмұнай» МГӨБ ОИТҚ операторы, инженері, аға инженері, технологы; 1990-2003 ж.ж. - «Ембімұнай» ААҚ инженері, жетекші инженері, өндірістік бөлімінің бастығы, «Мақатмұнай» МГӨБ бастығы, «Қазақойл-Ембі» ААҚ кен орындарын игеру департаментінің директоры, «Қазақойл-Ембі» ААҚ кен орындарын игеру жөніндегі департамент директорының орынбасары, «Ембімұнай» МГӨБ 2002-2009 жж. - «Жайықмұнай» МГӨБ бас инженері; 2009-2011жж. - «Ембімұнайгаз» МГӨБ мұнай және газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары, «Ембімұнайгаз» МГӨБ бас инженері; 2011-2013 жж. - «Ембімұнайгаз» МГӨБ Өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы; 2013 ж. - «Ембімұнайгаз» МГӨБ Өндірісті жедел басқару бөлімінің бастығы; 2013 - 2014 ж.ж. - «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісті жедел басқару департаментінің директоры; 2014 ж. - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ бастығы. 

«Құрмет» орденімен (1999 ж.), медальдармен марапатталған. 

image description

Сафи Өтебаев

(1909-2007 жж.)

Еңбек қызметі: 1936-1945 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің Мақат, БайшОнас, Құлсары, Комсомол мұнай кәсіпшілігі басқармаларының инженері, бастығы; 1945-1951 жж. - Қазақстан КП Жылыой аудандық комитетінің 1-хатшысы; 1951-1957 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы; 1965-1971 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің директоры; 1957- 1965 ж.ж. - Атырау және Батыс Қазақстан совнархоздарының төрағасы; 1971-1980 ж.ж. - Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты (ҚазҒЗИ) директорының орынбасары.

Ленин, «Октябрь революциясы», «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту» (екі рет), «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. 

image description

Серікбай Қашқынбайұлы Үмбетжанов

1951 жылы туған.

Еңбек қызметі:  

1968-1971 жж. - оператор оқушысы, Байшонас МКБ Қарсақ мұнай кәсіпшілігінің операторы; 

1974-1975 жж. - Қарсақ бригадасының жерасты жабдықтарын жөндеу бойынша оператордың көмекшісі; 

1975 ж. - мұнай және газ өндіру бойынша Қарсақ және Ботахан цехтарында ұңғымалардың жерасты құрылыстарын жөндеу бойынша жүргізуші-машинист.

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979 ж.)

Мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталған. 

image description

Шамбай Дүйсенұлы Оразалиев

(1916-1988 жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген (1939).

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

  • 1949-1975 жж.- ірілендірілген Қосшағыл мұнай өндіру басқармасы директорының көмекшісі, директоры; 
  • 1975-1981 жж. - «Ембімұнай» бірлестігінің «Құлсарымұнай» МГӨБ бастығы; 1981-1984 жж. - «Теңізмұнайгаз» өндірістік бірлестігі бөлімінің бас технологы, әлеуметтік даму бөлімінің инженері. 

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы (1966 ж.)

КСРО құрметті мұнайшысы (1976 ж.) «Октябрь революциясы» және «Еңбек Қызыл Ту»  ордендерімен марапатталған. 

Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.