Image
Жүктелуде
image description

Зайляги Есенов

1927 жылы туған. 

Гурьев мұнай техникумын (1948 ж.), Мәскеу мұнай институтын (1954 ж.) бітірген.

  • 1948 ж. - Қосшағыл к/о бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы; 
  • 1952 ж. - Байшонас к/о бұрғылау цехының аға инженері; 
  • 1957 ж. - Құлсары бұрғылау кеңсесінің директоры; 
  • 1959 ж.- Маңғыстау бұрғылау кеңсесінің өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, бастығы; бас инженер, күрделі жөндеу кеңсесінің бастығы (Құлсары) «Ембімұнай» өндірістік бірлестігі; 
  • 1970 ж. - Құлсары мұнай барлау экспедициясының бастығы.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған.

КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

image description

Қаратау Есенжанов

1908 жылы туған.

Еңбек қызметі: 1932 ж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Қошқар, Сағыз к/о мұнай өндіру операторы, мұнай өндіру учаскесінің шебері.

«Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Жетпісбай Есенжанов

1923 жылы туған. 

Гурьев мұнай техникумын (1940 ж.), Кәсіподақ қозғалысының жоғары мектебін бітірген.

Еңбек қызметі: 1940 ж.-Сағыз, мұнайлы кен орнының техник - геологы; 1950 ж.- мұнай өнеркәсібі жұмыскерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің төрағасы; 1968 ж.- Жаңаөзен партия комитетінің төрағасы; 1973 ж. - «Маңғышлақгаз өндіру» басқармасы бастығының орынбасары.

«Қызыл жұлдыз» орденімен (үш мәрте), І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

image description

Бақытжан Есенғалиев

1927 жылы туған. 

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1950).

Еңбек қызметі: 1950 ж.- мұнайлы кен орнында инженер, техникалық бөлім бастығы;1952 ж. - «Қазақстанмұнайгазбарлау» бірлестігінің бас инженері, бөлім бастығы; 1958 ж. - «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресінің бас инженері; 1965 ж. - ҚазКСР Геология министрінің орынбасары; 1972 ж. - Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының бас инженері, өндірістік-геологиялық бірлестіктің бас технологы.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Тасқынбай Есенбаев

(1898-1983 жж.) 

Еңбек қызметі: 1931-1956 жж. - мұнай өндіру бойынша оператордың көмекшісі, «Ембімұнай» бірлестігінің Доссор, Байшонас м/к операторы.

Ленин (1954 ж.) және «Еңбек Қызыл Ту» (1950 ж.) ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Әжібай Есеев

1918 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1946 ж. - Петровский атындағы Гурьев зауытына болат құюшы; 1949 ж. - оператордың көмекшісі, ҰЖЖ бригадасының операторы, Мақат кен орнында мұнай өндіру жөніндегі оператор.

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Октябрь революциясы және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Мұхамбет Есбосынов

Еңбек қызметі: Мақат м/к ірілендірілген ҰЖЖ операторы.

Ленин орденімен марапатталған. 

image description

Боран Ержанов

(1896-1964 жж.)

Еңбек қызметі: 1930-1941жж. - жұмысшы, бұрғышының көмекшісі, Ескене м/к бұрғышысы; 1941-1949жж. - «Қазмұнайбарлау» тресінің бұрғылау шебері; 1949-1956жж. - Қаратон к/о бұрғышы, бұрғылау шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

image description

Мәдениет Есенбаева

  • 1982-1993 жж. - «Ембімұнай» бірлестігінің ғылыми-техникалық зертханасының зертханашысы; 
  • 1976-1982 ж.ж. - Қаратон мұнай кәсіпшілігінің операторы, аға операторы; 
  • 1964-1976 ж.ж. - Прорва мұнай кәсіпшілігінің операторы; 
  • 1959-1964 ж.ж. - Қаратон Мұнай кәсіпшілігі басқармасының Терең-өзек учаскесінің оператордың көмекшісі, мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Досқали Есмағамбетов

(1899-1968 ж.ж.) 

Еңбек қызметі: 1914 ж. - Доссор м/к коммуналдық бөлімінің жүк тиеушісі, қара жұмысшысы, Мақат, Байшонас, Сағыз м/к бұрғылаушысы. Стахановшы.

Ленин орденімен марапатталған (1952 ж.)  

image description

Өтесін Жайлыбаев

(1872-1970 жж.) 

Еңбек қызметі: 1920-1957 жж. - оператордың көмекшісі, Доссор м/к ҰЖЖ бригадасының операторы.

Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Әнуар Еркінұлы Жақсыбеков

1965 жылы туған.

Еңбек қызметі: «Қазақойл-Ембі» ААҚ «Доссормұнай» МГӨБ Байшонас кен орнының мұнай және газ өндіру операторы; теңіз жаяу әскерінің қызыл тулы Солтүстік флотында қызмет еткеннен кейін (1983-1985 жж.) Қарсақ кен орнының мұнай және газ өндіру цехының операторы болып жұмысын жалғастырды,

1993 жылы Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген ( Мәскеу қаласы) «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша білім алған.

ЖОО бітіргеннен кейін Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасында учаскелік геолог, жетекші геолог, «ҚазақойлЕмбі» ААҚ Мақат ауданы бойынша қабаттардың мұнай беруін арттыру және ұңғымаларды күрделі жөндеу жөніндегі учаске бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

  • 1999 жылы «ҚазақойлЕмбі» ААҚ «Мақатмұнай» МГӨБ бас геологы болып тағайындалды; 
  • 2000-2004 жылдары - «Қазақойл» ҰК өндірісті басқару департаментінің бас инженері, менеджер, директордың орынбасары, геология және әзірлеу департаментінің директоры; 
  • 2004-2009 жылдары - Геология және геофизика департаментінің директоры, геология, геофизика және блок резервуарлары департаментінің директоры 2009-2013 жылдары - «Норт Оперейтинг Компани» ЖШС ҚМГ ҰК геологиялық барлау жөніндегі менеджері, геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық кіші комитеттің төрағасы; 
  • 2013 жылы-ҚМГ БӨ Геология және игеру жөніндегі бас директорының орынбасары, геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі техникалық комитеттің төрағасы, ҚМГ БӨ «Барлау активтері» Бақылау кеңесінің төрағасы. ҚМГ БӨ-нің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарға жетекшілік етті: «Урал Ойл энд Газ» БК ҚХР «ФИОК» және Венгрия Республикасының «МОЛ» компанияларымен үлестік қатысу, «Карповский Северный» бірлескен кәсіпорны; 
  • 2013-2015 жж. - «Қашаған Б.В.» ЖШЖКФ  перспективалық жобалар және операциялық қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары; 
  • 2015-2017 жж. - «Ембімұнайгаз» АҚ жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі бас директорының орынбасары; 
  • 2017-2020 жж. – ЕМГ АҚ Басқарма төрағасы.
  • 2020-2022 жылдар аралығында - «Урал Ойл энд Газ» ЖШС Бас директоры, 2022 жылдың сәуірінен – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басөарма төрағасының өндіру және геологиялық барлау жөніндегі орынбасары.  

«Құрмет» орденімен (2017 ж.), КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің Құрмет грамотасымен; ҚМГ ҰК Құрмет грамотасымен; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Құрмет грамотасымен; ЭМРМ «Мақат кен орнына 90 жыл» Құрмет белгісімен; МГМ «Доссор кен орнына 100 жыл» (2011 ж.); «Доссор кен орнына 50 жыл»; МИНТ «ҚР Жер қойнауын құрметті барлаушысы» кеуде белгісімен және дипломмен (2012 ж); МГМ «ҚР Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен (2014 ж.); Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз «АҚ-на 95 жыл» мерейтойлық медалімен (2017 ж.) марапатталған; ЭМРМ Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Алғыс хатымен марапатталды. 

image description

Нілғали Жасақбаев

(1885-1956 жж.)

Еңбек қызметі: 

  • 1902-1932 жж.- Доссор, Ескене м/к оператор көмекшісі, оператор; 
  • 1932-1954 жж. - мұнай өндіру операторы, аға оператор, Қосшағыл м/к шебер.

Ленин (1954 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Күби Жанғалиев

1914 жылы туған. 

Гурьев мұнай техникумын бітірген.

1931-1950 жж.-Доссор, Байшонас м/к операторы, экономист; Құлсары барлау - бұрғылау жұмыстары кеңсесінің жоспарлау бөлімінің бастығы; 

1963-1975 жж. - ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары.

«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

 

image description

Сүлеймен Жанбатыров

(1896-1952 жж.) 

Еңбек қызметі: Доссор, Бек-бике, Қосшағыл, Құлсары, Қаратон м/к бұрғылаушының оқушысы, бұрғылаушы. Батыс Қазақстан стахановшыларының I съезіне қатысушы (1935 ж.)

Ленин орденімен (1952 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1948 ж.) марапатталған. 

image description

Серікқали Жетібаев

1937 жылы туған. 

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ жұмыс істеді.

3-дәрежелі «Еңбек Даңқы»  орденімен марапатталған. 

image description

Мұса Жетенов

(1919-1998 жж.) 

Еңбек қызметі: 

  • 1967-1979 ж.ж.- ҰЖЖ  бригадасының операторы, мұнай өндіру жөніндегі аға операторы, аға операторы; 
  • 1979-1998 ж.ж.- «Жайықмұнай» МГӨБ мұнай өндіру жөніндегі операторы.

«Құрмет белгісі» орденімен (1984 ж.), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1979 ж.) марапатталған. 

image description

Нұрғазы Жолдасов

(1890-1975 жж.) 

Еңбек қызметі: 1912-1956 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Доссор және Байшонас м/к ҰЖЖ бригадасының жұмысшысы, оператордың көмекшісі, оператор, бригада шебері, аға шебері.

Ленин, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Майшенгел Жоламанов

(1897-1959 жж.) 

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Еңбек қызметі: 1923-1952 жж. -Мақат кен орнында жұмысшы, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы.

Ленин орденімен (1951 ж.), «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1948 ж.) марапатталған. 

image description

Кеңес Жоламанов

1931 жылы туған. 

Мәскеу мұнай институтын бітірген (1953).

Еңбек қызметі: 

  • 1953-1960 жж.- Ескене к/о геологы, «Қазақстанмұнайгазбарлау» тресінің мұнай барлау конторының инженері, аға инженері; 
  • 1965-1971 жж. - «Жетібаймұнай» және «Қаражанбасмұнай» басқармасының бастығы, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас инженері; КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің жаңа кен орындарын игеру бөлімінің бастығы; 
  • 1996 ж..- ҚР-ның РФ-дағы мұнай және газ мәселелері жөніндегі өкілі.

Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 

image description

Қайырғали Жылқышиев

(1899-1974жж.) 

Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданының 17 ауылында туған. 

Еңбек жолы: 1927 жылы Гурьев уезінің Доссор поселкесіне келіп мұнай кәсіпшілігінде жұмысшы оператор болып, мұнайлы ұнғымалар қазуға және жерасты су айдау арқылы екінші әдіс қолдануға ат салысты. Мақат – Доссор кен орны алғашқы ашылғанда бірінші кілтші, мұнай газ өндіру операторы, мұнай өндіру цехының шеберіне, кәсіпшілік меңгерушісіне дейін көтерілді. Ұлы Отан соғыс кезінде көз ілместен мұнай өндірү ісіне сіңірген еңбегі де зор.

Мұнайлы Ембіні өркендетудегі еңбегі жоғары бағаланып, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. 

Еңбек сіңірген мұнайшы. 

Ерен еңбегі еленіп,  Қазақстан мұнайынын 90 жылдығында Доссор поселкесінде көше атағы берілді.

image description

Әмір Жоламанов

(1897-1973 жж.)

Еңбек қызметі: 1915-1957 жж.- бұрғылаушының оқушысы, бұрғылаушы, Мақат, Сағыз, Қошқар, Комсомол м/к мұнай өндіру операторы.

Ленин (1951 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» (1948 ж.) ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Таумыш Жумағалиев

(1918-2010 жж.)

Гурьев мұнай техникумын бітірген.

Қазақ тау-кен металлургия институтын «Инженер-геолог» мамандығы бойынша (1945 ж.)

  • 1938-1945 жж. - Доссор және Ескене мұнай кәсіпшіліктерінде геолог. Студент кезінде ҚазКСР ҒА Геологиялық ғылымдар институтында аға коллектор, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 
  • 1945-1947 жж. - Ескене МКБ бас геологы. 
  • 1945-1947 жж., 1972-1985 жж. - кіші ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми хатшы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, ҚазМҒЗИ институтының директоры. 
  • 1968-1972 жылдары-ҚазКСР Геология министрлігі Батыс Қазақстан геологиялық басқармасының бастығы. 

2004 жылдан «Мұнайшы» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі. 

Халықтар достығы, «Құрмет» (1999 ж.) ордендерімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1955).

ҚазКСР Еңбек сіңірген геологиялық барлаушысы (1967 ж.)

ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1976 ж.)

Тепловско-Токаревское кен орнын алғаш ашушы. 

image description

Тәжік Жұпболов

(1899-1973 жж.)

Еңбек қызметі: 1917-1954 жж. - Ескене кен орындарында мұнай қондырғыларын жөндеу бойынша слесарь көмекшісі, слесарь, «Қазақстанмұнай» бірлестігінің комсомолы.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. 

 

image description

Жанқожа Жұмашев

1907 жылы туған.

  • 1923-1950 жылдары-Мақат, Байшонас, Доссор, Қосшағыл кен орындарында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы, бұрғылау шебері; 
  • 1950-1962 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігі Құлсары бұрғылау кеңсесінің бұрғылау шебері.

Еңбек Қызыл Ту орденімен (екі рет), медальдармен марапатталған.

КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.