Image
Жүктелуде
image description

Мұқан Молдағалиев

(1906-1991 жж.) 

Еңбек қызметі: 1925-1991 жж. - Доссор м/к ҰЖЖ бригадасының жұмысшысы, шебері; 1937-1952 ж.ж. - Байшонас, Құлсары м/к ҰЖЖ операторы, шебері; 1952-1961 жж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Құлсары м/к мұнай өндіру шебері, аға шебері.

Ленин, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Саламат Мұқашев

(1927-2004 жж.) 

КОБОК Мәскеу жоғары кәсіптік қозғалыс мектебін бітірген

КОКП ОК Мәскеу жоғары партия мектебі

Гурьев мұнай техникумы

Еңбек қызметі: 1942-1947 жж. - Мақат мұнай кәсіпшілігінде мұнай ұңғымаларын жерасты жөндеу жөніндегі слесарь, оператор; 1948ж. – Доссор мұнай кәсіпшілігінде БЛКЖО ОК комсорг, кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары; 1951-1961 жж. - республикалық мұнайшылар кәсіподақтары комитетінің нұсқаушысы, облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, хатшы, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы; 1961 жж. — 1970 ж. - Ембі (Жылыой) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы; 1970-1977 жж. - Қазақстан Компартиясы Гурьев (Атырау облысы) обкомының бірінші хатшысы; 1977-1980 жж. - Қазақ республикалық Кәсіптік одақтар кеңесінің төрағасы; 1980-1985 жж. - Қазақстан Компартиясы Манғышлақ (Маңғыстау облысы) обкомының бірінші хатшысы; 1985-1988 жж. - Қазақстан Компартиясы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Төрағасының орынбасары.

Атырау және Маңғыстау облысының, Атырау және Ақтау қалаларының, сондай-ақ Жылыой, Мақат және Түпқараған аудандарының Құрметті азаматы, Атырау мұнай және газ институтының құрметті профессоры, алты кітаптың авторы.

Атырау қаласының жылнамасын құрастырып шығарды (1640-2000 ж), сондай-ақ ол 100 жыл ішінде мұнай өнеркәсібінің жылнамасын құрастыруға белсенді қатысты (1899-1999 жж).

Төрт рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен, бес медальмен және екі рет Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, үш КОБОК құрмет грамоталарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған. 

image description

Аралбай Зейінұлы Мұханбетов

(1961-2012 жж.) 

Еңбек қызметі: 1985-2012 жж. - «Жайықмұнайгаз» МГӨБ МАП операторы

«Құрмет» орденімен марапатталған (2001 ж.) 

image description

Георгий Тимофеевич Мухин

1893 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1905-1921 жж. - Доссорда «Орал-Каспий» қоғамында жұмыс істеді; 1921-1922 ж. - ауылдық және облыстық кеңестердің хатшысы; 1923 – 1924 жж. - Ракуша зауытында жұмысшы; 1924 ж. бастап - бұрғылаушы, шебердің көмекшісі, мұнай және ҰЖЖ өндіру жөніндегі шебер.

Ленин орденімен марапатталған (1951 ж.) 

image description

Нәсіпқали Мұқанов

(1896-1969 жж.) 

Еңбек қызметі: 1922-1955 ж.ж. - «Қазмұнайбарлау» тресінің Мақат кеңсесі барлау партиясының жұмысшысы, цех механигі, Қошқар кен орнында мұнай өндіру операторы.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1948 ж.) және Ленин орденімен (1951 ж.) марапатталған. 

image description

Жемісқали Мұқатов

(1915-1987 жж.) 

Еңбек қызметі: 1928-1967 жж. - «Ембімұнай» бірлестігінің Байшонас ҰЖЖ бригадасының жұмысшысы, операторы.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1952 ж.) және Ленин орденімен (1954 ж.) марапатталған. 

image description

Көбен Мұсағалиев

Еңбек қызметі: Мақат ірілендірілген мұнай кәсіпшілігінің мұнай өндіру операторы.

Ленин орденімен марапатталған (1951 ж.) 

image description

Меңдібаев Мұстафиденов

(1888-1958 жж.) 

Еңбек қызметі: 1912-1919 жж. - Брод қант зауытында жұмысшы; 1919-1952 жж. - Доссор, Қосшағыл, Қаратон к/о оператордың көмекшісі, оператор, ҰЖЖ бригадасының шебері,  «Қазақстанмұнайбарлау» тресінде бұрғылау шебері.

Ленин орденімен (1951), медальдармен марапатталған. 

image description

Ырысжан Мұхамбеталиев

1911 жылы туған. 

Еңбек қызметі: 1934-1966 жж. - Байшонас м/к ҰЖЖ бригадасының операторы.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Айсахожа Мұхамбетов

(1905-1977 жж.) 

Еңбек қызметі: жұмысшы, мұнай өндіру операторы, Доссор м/к цехының шебері.

Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.  

image description

Қамза Махамбетов

1916 жылы туған.

Еңбек қызметін 13 жасынан бастаған. 1934 жылдан бастап Қошқар м/к оператордың көмекшісі, ҰЖЖ операторы болып жұмыс істеді.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы. 

image description

Сарсенғали Мырзағалиев

(1909-1977 жж.) 

Еңбек қызметі: 1933-1964 жылдары - Мақат м/к мұнай өндіру бригадасының бұрғылаушысы, операторы, шебері.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Керей Мырзахметов

1925 жылы туған.

Еңбек қызметі: 1942ж. - Мақат м/к өндірістік құрал-жабдықтар механигі.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

ҚазКСР еңбек сіңірген мұнайшысы. 

image description

Александр Иванович Назаров

Еңбек қызметі: бас инженер

«Еңбек Қызыл Ту» (1974 ж.), «Құрмет» (1999 ж.) ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚазКСР мұнай өнеркәсібінің үздігі. 

image description

Құсан Наренбаев

Гурьев мұнай техникумын бітірген (1936 ж.).

Мәскеу тау-кен академиясының түлегі.

Ұлы Отан соғысына қатысушы.

Еңбек қызметі: 1935 ж. - Доссор к. ФЗО мектебінің саяси бөлімі бойынша директордың орынбасары; 1937 ж. - Доссор м/к ұйымдастырушысы, бұрғылау шебері; 1939 ж. - «Ембімұнай» тресінің өндірістік бөлімінің жауапты қызметкері; терең барлау бұрғылау кеңсесінің Нармонданақ бөлімшесінің бастығы; 1946 ж. - Мұнайлы, Мақат мұнай кәсіпшіліктерінің бастығы; 1960 ж.- «Атырауэнерго» тресі басқарушысының орынбасары; орталық ЖЭО директорының орынбасары. 

Комсомол кен орнын алғаш ашушы.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Сәлима Наренбаева

Гурьев мұнай техникумын бітірген (1939).

Еңбек қызметі: 1939 ж. – «Ембімұнай» өндірістік басқармасы кеңсесінің технигі, геологиялық - барлау кеңсесінің техник - геологы; 1942 ж. - Нармонданақ мұнай барлау бөлімшесінің геологы; 1946 ж. - Комсомол, Мұнайлы, Мақат м/к геологы; 1960 ж. - «Ембімұнай» ӨБ аға геологы.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Иван Дмитрович Нагорнов

(1907-1960жж.)

Еңбек қызметі: 1927-1960 жж. - Бекбике, Иманқара м/к ұста, слесарь; бас механик, механикалық шеберхана меңгерушісі, «Қосшағыл» мұнай өндіру басқармасы цехының бастығы.

Ленин орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 

image description

Николай Трофимович Неверов

(1905-2000жж.) 

Саратов политехникалық техникумын бітірген.

Еңбек қызметі: 1925-1929 жж. - «Динамо» зауытында жылу механигі, Доссор м/к механиктің көмекшісі, конструктор; 1929-1934 жж. - бас дәнекерлеуші, «Ембімұнай» тресінің аудандық механигі; 1934-1937 жж. - механикалық зауыттың өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы; 1937-1944 жж. - «Қазақстанмұнай» комбинатының бас механигі; 1944-1955 жж.-  «Қазэнергомұнай» тресінің бас инженері;  1955-1972 жж. - «Атырауэнерго» бастығының орынбасары, бастығы.

«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» (екі рет), Октябрь революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Иван Алексеевич Новоселов

(1896-1972 жж.) 

Еңбек қызметі: 1920-1952 жж. - Бекбике кәсіпшілігінде барлау партиясының бұрғылау жұмысшысы; Доссор, Ескене, Байшонас, Қаратон, Қосшағыл кен орындарында бұрғылау цехының бұрғылаушысы, бұрғылау шебері.

Ленин орденімен, «Еңбектегі жетістіктері үшін» медалімен марапатталған. 

image description

Айтмұхамбет Нұрмұханов

(1933-1997 жж.) 

ҚазМУ-ды бітірген (1957).

Еңбек қызметі: 1957-1962 жж. - Мұнайлы МКБ мұнай өндіру шебері, Доссор м/к мұнай өндіру шебері; 1962-1965 жж. - Байшонас мұнай кәсіпшілігінің бас геологы; 1965-1970 жж. - «Доссормұнай» МГӨБ бас геологы; 1970-1982 жж. - «Жайықмұнай» МГӨБ бас геологы, 1988 ж. - «Ембімұнай» тресі кәсіподақ комитетінің төрағасы; 1988 - 1996 жж. - «Ембімұнайгаз» АҚ ОҒЗЗ бөлімінің бастығы.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 

image description

Халел Нұғманов

1927-2003 жж. 

Еңбек қызметі: 1943 ж. - Доссор м/к ҰЖЖ операторы, шебері. 

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Қайыр Нұрғалиев

(1911-1976 жж.) 

Еңбек қызметі: 1942 ж. - Байшонас м/к бұрғылау шебері; 1944 ж. - Қошқар м/к мұнай өндіру шебері.

«Еңбек Қызыл Ту»  орденімен, медальдармен марапатталған. 

image description

Мұсағали Нұрмағамбетов

(1902-1981 жж) 

Еңбек қызметі: 1918-1958 жж. - Мақат, Құлсары м/к жұмысшы, бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

image description

Сейілхан Нұрмұханов

(1901-1964 жж.) 

Еңбек қызметі: 1927-1967 ж.ж. - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің «Доссор» МКБ операторы, мұнай өндіру бойынша оператордың көмекшісі.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. 

image description

Жұмахмет Нұрышев

(1926-1986 жж.) 

Еңбек қызметі: 1943-1982 жж. - ҰЖЖ бригадасы операторының көмекшісі,   «Қазақстанмұнай» бірлестігі Мақат мұнай өндіру басқармасының операторы.

Ленин және «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

Құрметті портал қолданушысы! Егер бұл бөлімде сіз «Ембімұнайгаз» АҚ-да жұмыс істеген және орденмен марапатталған жақын-туыстарыңыз туралы ақпаратты таппаған болсаңыз, олардың деректерін (өмірбаяны, сапалы фотосурет) G.Karajanova@emg.kmgep.kz, І.Satylganova@emg.kmgep.kz, A.Ertleuova@emg.kmgep.kz электронды мекенжайларына жіберуіңізді сұраймыз.