Image
Жүктелуде
image

Хасан Алдақов

1920 жылы 1 тамызда Атырау облысы, Мақат кентінде дүниеге келген. ҰОС ардагері, белгілі мұнайшы ретінде есімі кеңге танымал. Ол – қан майданнан аман оралып, талай кен орындарды ашуға үлес қосқан мұнайшы.

19 жасында әскерге алынған ол елге Ұлы Отан соғысы аяқталған соң оралады, яғни, 1945 жылдың қарашасында келеді. Ол қатардағы жауынгерден Ленинград пен Карель майдандарында бөлімше командиріне дейін көтерілген. 1945 жылы Омбы қаласында офицерлер курсын тәмамдады.

Х.Алдақов елге оралған соң, ата кәсібімен қайта табысып, «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты Құлсары мұнай кәсіпшілігінде бейбіт жұмысын жалғастырады. 1948 жылы Мәскеудегі И.Губкин атындағы мұнай институтына түсіп, оны 1953 жылы ойдағыдай бітіріп, Атырау мен Маңғыстау өңірлеріндегі мұнай-газ кен орындарын игеруге еңбек сіңірді. Х.Алдақов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткені үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.