Image
Жүктелуде
image

Мырзабай Ахметқалиев

1925 жылы Гурьевте дүниеге келген. ҰОС-на қатысқан. Қазақ Мемлекеттік университетін 1956 жылы бітірді. 1956-1962 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігіне қарасты Ескене мұнай кәсіпшілігінде оператор, инженер-геолог, аға геолог болып еңбек етті. 1962-1970 жылдары – Қазақ КСР-нің Геология министрлігінде мұнай мен тереңдете бұрғылау бөлімінің инженері, бас маманы, Геологиялық қорының аға геологы, бастығының орынбасары болды. 1970-1988 жылдары – Қазақ КСР Мемлекеттік геология және минералды қорлар бөлімінде бас геолог, бас маман болып қызмет атқарды. 1988 жылдан зейнеткер, 1-дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдарымен марапатталған.