Image
Жүктелуде
image

Сәлім Қарабайұлы Қарабаев

1923 жылдың 8-ші қаңтарында дүниеге келген.

1942 жылдың 1-мамырында әскери қызметке шақырылып, Орынбор қаласындағы полк мектебіне оқуға жіберіледі.

Пулеметші-минометші С.Қарабаев Сталинград фронтына-302 атқыштар дивизиясының миномет ротасына келіп қосылады. Майдандағы алғашқы шайқасы Котельниково стансасында басталды. Сталинградтан кейін бірінші Украина фронты құрамында Воронеждан бастап, бүкіл Украина көп аймағын жүріп өтті. Донбасс, Макеевка, Мелитопольді азат етуге қатысты. Днепрдегі шайқас кезінде жарақат алып, алайда, елге қайтудан бас тартады. Бұдан кейін тағы 2 мәрте ауыр жарақат алады. «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен, «Ұлы Отан соғысы» ордені марапатталды.

Елге оралған соң оқу-ағарту ісімен араласып, кейін «Ембімұнай» жүйесінде 1997 жылға дейін еңбек етті.