Электр жабдықтарын жаңарту
1940-45 жылдар аралығында Қазақстандағы мұнай өнімі алдыңғы бес жылдыққа қарағанда 1,4 есеге өсті. Алайда қойылған жоспардың барлығы орындала қоймады. Мұның басты себептерінің бірі мұнай орындарындағы электр жабдықтарының болмауы немесе үзіліп қалуы болды. 1944 жылдың қорытындысы бойынша 50% бұрғылау станоктары электр қуатының жоқтығынан тоқтап қалып, осының салдарынан бұрғылаудың жылдық жоспары тек 40% ғана орындалды. Қазақстан бойынша бүкіл мұнай өндіру сору әдісімен жүргізілді, сұйықтықты айдаудың үдемелі әдісі қолданылды, демек электр қуаты үдеудің маңызды драйвері болғаны анық. Осыны түсінген облыс басшылығы, 1943 жылы әрбір кенішке электр генераторларын орнату жұмысын қолға алды. Бұл жоспар көрсеткішін көтерумен қатар, өнімнің өзіндік құнын арзандатуға да мүмкіндік берді.