Қорғанысты қаржыландыру
Ұлы Отан соғысы адамдарды жұмылдырумен қатар елдегі қаржылай ресурстардың да жұмылуын талап етті.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Қазақстан жұмысшылары әр жерлерде қорғанысқа қаржылай қор жинауды ұйымдастыра бастады. Қазан айының басында республика бойынша 20 млн рубль жиналған болса, оның 1 миллионын гурьевтіктер жинаған еді.
«Қазақстан мұнайшысы» танк колоннасының құрылысына 638 мың рубль бөлу туралы шешім қабылданды, сонымен қатар, эскадриль құрылысына да 250 мың рубль бөлінді.
Тек Ескене мұнайшыларының өзі ғана «Қазақстан мұнайшысы» колоннасының құрылысына 2 млн рубль жинап тапсырған. Әйелдер қорға 17 млн рубль қаржымен бірге жалпы құны 4 млн. болатын жылы киімдер де жөнелткен. Соғыс жылдары Қазақстан жұмысшылары соғысқа қажетті керек – жарақтар үшін 1 млрд рубль жинаған екен, ал танк колоннасы мен авиаэскадриль құрылысының салынуына 800 млн рубль жұмсалған.