Ұлы Отан соғысы және Ембі
1941 жыл 22 маусым! Ұлы Отан соғысы басталды. Шабуыл жасаспау туралы КСРО мен Германия мемлекеті арасындағы келісім-шартты опасыздықпен бұзып, фашистер елімізге тұтқиылдан басып кірді. Неміс фашистерінің мұндай басқыншылығының себебін Сталин Қолбасшының өзі 1941 жылдың 3-шілде күні барша Кеңес Одағына радио арқылы сөйлеп, ашып айтты.
Ембінің мұнайшылары И.В.Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзіне үлкен мән беріп, үндеуіне үн қосты. Соғыс басталған күні–ақ Гурьев қаласындағы мұнайшылар стадионында соғысты айыптаған мыңдаған адам қатысқан үлкен митинг ұйымдастырылды. Митинг бітісімен, майданға сұранған жастардың саны мың-мыңға жетіп, облыстық әскери комиссариаттың алдына жиналды. 1941 жылдың 22-23 шілдесі Гурьев-қандыағаш темір жол депосы мен Гурьев мұнай техникумында өткен митингіден кейін осылай басталды. Гурьев қаласында (1941 ж. 7 шілде) майданға баратындарды тіркейтін арнайы бөлім ашылды. Аз ғана уақыттың ішінде 35 520 адам майданға баруға өтініш берген. Гурьевтік мұнайшылардың мұндай бастамасын ақтөбелік мұнайшылар да қолдады.