Фашистермен шайқаста жеңіске жету жолында кеңес әйелдерінің қосқан үлесі орасан зор еді. Олардың иықтарына шаруашылықтың ауыр жүгі түсті. Олар ауырлығы мен қиындығына қарамай, республикамыздың мұнай өнеркәсібінде де аянбай еңбек етті.
1940-45 жылдар аралығында Қазақстандағы мұнай өнімі алдыңғы бес жылдыққа қарағанда 1,4 есеге өсті. Алайда қойылған жоспардың барлығы орындала қоймады.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Қазақстан жұмысшылары әр жерлерде қорғанысқа қаржылай қор жинауды ұйымдастыра бастады. Қазан айының басында республика бойынша 20 млн рубль жиналған болса, оның 1 миллионын гурьевтіктер жинаған еді.
1941 жыл 22 маусым! Ұлы Отан соғысы басталды. Шабуыл жасаспау туралы КСРО мен Германия мемлекеті арасындағы келісім-шартты опасыздықпен бұзып, фашистер елімізге тұтқиылдан басып кірді.